30.03.2017, 12:39
Оқылды: 22

Енді оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Үкімет делегациясының құрамында болған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдермен кездесуінде осылай деді. 

Жиында оқушыларға берілетін үй тапсырмасы да Білім министрінің назарынан тыс қалған жоқ.

-Біздің оқушылар үй тапсырмасын орындауға жұмсайтын уақыт көлемі  жөнінен 65 мемлекеттің ішінде төртінші орын алып отыр. Халықаралық сарапшылар үй тапсырмасының тым көп берілуі балаларымыздың білім алуда табысқа жете алмайтынын алға тартуда. Бұл жағдайда екі нұсқа бар. Біріншісі – үй тапсырмасын аз  көлемде беру, екіншісі – мүлдем бермеу. Екі жағдайда да оқушыға берілетін үй тапсырмасы азайып, демалыс күндеріне үй тапсырмасы мүлдем берілмейді. Оқушының күнделікті сабақта алған  бағасын бақылайтын электронды күнделік жүйесі былтырғы оқу жылында  4000 мектепке енгізілді.   Бүгінгі басты міндет – Прокуратура  құрылымдары  Білім және ғылым, сондай-ақ Қаржы министрліктері  бірігіп, ортақ бұйрық шығарып, заң алдында электронды және қағаз журналдарын теңестіру. Бұл жұмыс алдағы айларда нақты шешілмек. Екінші проблема – әр  мектепте, әр сыныпта ғаламтордың (интернеттің) болмауы. Мұны тез арада шешу қажет. Сол себепті де Президент атап өткен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша мектептер алдыңғы кезекте тұр. Біз алдағы жаз маусымында   ғаламторы бар әр сыныпқа Wi-Fi орнатуымыз қажет. Бүгінгі күннің басты мәселесі – алыс  ауылдардағы мектептерді электронды күнделікпен, сапалы бейнесабақтармен қамтамасыз ету, - деді министр.

Гүлжамал Кенжеғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале