21.02.2019, 19:57
Оқылды: 20

Енді жемқорлық дерегін telegram арқылы хабарлауға болады

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шақырды.

 Ospankulov

-Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырыруға көңілдеріңізді аударғым келіп отыр. Елбасының қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты төмендетуге нақты тапсырмалар беріп келеді. Соның бірі - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. Ұлт жоспарының он үшінші қадамы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Қылмыс үшін жаза қолданумен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жүйелі түрде қарағанда ғана осы қоғам індетімен тиімді күресуге болады.

Біздің негізгі мақсатымыз - әділ және әділетті қоғам қалыптастыру. Егер қоғамымызда әділеттілік жоғары тұрса ұтымды позицияда боламыз. Бұл экономиканың дамуына да септігін тигізеді.

1 қаңтардан бері «Ақжайық – адалдық алаңы» атты жоба жұмысын бастады. Бұл мемлекеттен тәуелсіз жобалық кеңсе. Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға қатысты қоғамдық көзқарасты нығайту, -деді облыс әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, телеграм мессенджерінде «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының боты құрылады. Демек, кез келген тұрғын сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты білсе, бірден жеке телефоны арқылы телеграмға жаза алады. Онда келген хаттарға сараптама жасалып, тиісті шара қолданылады. Бұл билік пен халық арасындағы байланысты күшейте түспек.

 

Динара Насыр,

«Жайық Пресс»

ақпарат агенттігінің тілшісі

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале