27.06.2017, 18:02
Оқылды: 21

Энергетиктер пленумы өтті

akim 1jpgТаяуда Достық үйінде «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Орталық комитетінің ІV пленумының қорытындылау рәсімі өтті.


Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан энергетиктерінің кәсіподақтарының бірлестігінің төрағасы Оразбек Бекбас, «БҚО Каз Рэк» АҚ директорлер кеңесінің төрағасы Яхия Чудров және сала мамандары қатысты.

–Энергетика саласы – өте маңызды сала. Қазіргі заманда ғаламтор, дамыған смарт технологиялар туралы жиі айтамыз. Алайда тоқ көзі болмаса, бұлардың бірі де болмас еді. Сондықтан заманауи технология саласында энергетиктер ерекше орын алады. Бүгінгі жиын аталған саланың одан әрі дамуына үлес қосады деген сенімдеміз. Батыс өңірінің энергетика саласындағы терең тарихы және кәсіби жоғары білікті мамандары бар. Елбасымыз алдымызға жаһандану мәселесін қойған болатын. Ал жаһандану энергетика саласымен тікелей байланысты. Облыс бойынша электр желілерінің тозығы жеткен жерлері де бар. Дегенмен атқарылып жатқан жұмыс та аз емес. Көптеген жаңашыл технологиялар қолданылып, энергетика жүйесіндегі қажеттілікті қамтамасыз етуде. Бұл – 25 жылда жеткен жетістіктеріміздің бірі,- деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.received_10209464077411261

Қазақстан энергетиктерінің кәсіподақтарының бірлестігінің төрағасы Оразбек Телбайұлы пленумда қаралған мәселелелерге қысқаша тоқталып өтті. Оның мәлімдеуінше энергетика саласында еліміз бойынша бастауыш 98 кәсіподақ бар. Барлығы 104 мың адам қызмет етуде.

–Еліміздің қасиетті жерінің бірі Батыс Қазақстан өңіріне жолымыз түсіп, Орал қаласында кезекті 4-ші пленумды өткіздік. Орал өңірінде бізді құшақ жая қарсы алған осы облыстың ер азаматтарына алғысымызды білдіреміз. Тыныштығы мен бірлігі жарасқан Орал өңірінің дамуына бағытталған шараларыныңыздың нәтижелі болып, алға қойған міндеттеріңіздің іске асуына тілектеспіз,-деді ол.

akimШара соңында Батыс Қазақстан облысындағы энергетика кәсіподақтарының жұмысының дамуына үлес қосқаны үшін облыс әкімі Алтай Көлгінов, «БҚО Каз Рэк» АҚ директорлер кеңесінің төрағасы Яхия Чудров және облыс бойынша үздік энергетиктер алғыс хатпен әрі төсбелгімен марапатталды.

Айымгүл ЖОМАРТҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале