9.03.2017, 10:52
Оқылды: 51

«EQUUS» деректі сериалы Қазақстанда түсірілмек  

 

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жаңа «EQUUS»  деректі сериалының түсірілімі жайлы баяндады.


«Бұл біз үшін маңызды жоба. Біздің ел жылқыны алғаш қолға үйреткен  және атбегілік өнердің негізін қалыптасырған ел. Сондықтан шетел ғалымдарының Қазақстанға қызығушылығы тегін емес. Еліміздің тарихы мен дәстүрін қамтып, халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. АҚШ, Канада, Германия, Англия елдерінің қолдауын тапқан үлкен жоба. Біз 2018 жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан, бұл ғылыми танымдық сериал өте жоғары деңгейде болады»,-деді мекеме басшысы.

2017 жылы «EQUUS» жобасының түсірілім жұмыстары биыл Қазақстан аумағында болатынын, оған қазақстандық кинематографистер, актерлер, дублерлер, өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірігіп жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Аталған түсірілімнің мақсаты -  үздік ғылыми мағлұматтардың негізінде Қазақстан даласында мекен ететін жылқы жануарының ертеректегі мәдени өмірлерін, адамзат тарихындағы рөлін суреттеу.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале