27.02.2018, 14:45
Оқылды: 81

Еріктілер мектебінің түлектері марапатталды

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы 10 жыл қатарынан «Жас саясаткерлер» мектебіне жасотандық жастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы төрағасы Н.Жолдасқалиев мәлім етті.

26 ақпанда «Bastau» коворкинг орталығында «Жастар - Отанға!» жобасы аясында «Жас саясаткерлер» мектебі 9-буынының жылдық оқу курсының қорытынды марапаттау рәсімі өтті.

Еріктілер жыл бойы арнайы республикалық, облыстық және қалалық шаралардың ұйымдастырылуына белсене қатысып, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғауға өз үлестерін қоса білді.

Жастардың бойындағы отаншылдық, қайырымдылық, ораторлық, көшбасшылық, ұйымдастырушылық жəне т.б қабілеттерін дамытуға бағытталған мастер-класстар мен тренингтерге қатысып, өз біліктіліктерін шыңдай алды. Ресми жиындардан бөлек, еріктілер әркез «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жалғызбасты қарияларға, ҰОС ардагерлеріне, тыл және еңбек ардагерлеріне көмек қолын созып, үлкендердің батасын алып жүр. Жыл қорытындысы бойынша 40-тан астам студент-жастарды  «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы төрағасы Жолдасқалиев Нұрғали оқу курсының аяқталуымен құттықтап, сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.

Наурыз айының басында жаңа буындарды қатарға қабылдайтынымызды хабарлаймыз. Еріктілер мектебіне 16-29 жас аралығындағы жастарды қабылдаймыз. Басты талап – отансүйгіштік, ұлтжандылық, жауапкершілік, белсенділік қабілеттерінің болуы. Қабылдау сұхбаттасу түрінде жүргізіледі. Толық ақпарат «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы инстаграм парақшасында - @jasotan_bqo

Зарина Ихсанова,

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы менеджері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале