14.12.2016, 14:27
Оқылды: 75

Ерлік көрсеткендер марапатталды  

 

dvd-nagrada-1Бүгін облыстық  қазақ драма театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментінің салтанатты шарасы өтіп, бірқатар сала қызметкерлері мен ардагерлері мерекелік төсбелгілермен марапатталды. 


 

Ең алдымен ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау жеделхаты оқылып, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне алғысхаттар табысталды.

dvd-nagrada-7Салтанатты жиында сөз алған БҚО ІІД бастығы, полиция полковнигі  Мақсұдхан Аблазимов еңбек ұжымын  мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының қол жеткізген табыстарын атап өтті.  Бұдан кейін өз ісінде батылдық танытып, қаруланған қылмыскерлерді құрықтап, қылмыстың ізін суытпай ашқаны үшін  және әскери, қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталған Орал қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полция капитаны Аслан Айтмұхановқа, Зеленов АІІБ Приурал полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Махамбет Жангелдиевке, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының бөлімше командирі, полиция аға сержанты Ардақ Ибрашевқа марапаттарын салтанатты түрде табыстады.

dvd-nagrada-9Бұдан бөлек ішкі істер құрамының бірқатар өкілдері мерекелік төсбелгілерге ие болып, өңіріміз бойынша мыңнан аса полицией алғысхаттармен марапатталды.

Ләззат ШАҒАТАЙ

Суретті түсірген Айбатыр НҰРАШ

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале