24.06.2017, 17:03
Оқылды: 234

Ерліктің ескерткіші

 FB_IMG_1498299511276   Бүгін шаһар орталығында есімдері аңызға айналған  қазақтың қаһарман қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіштің   салтанатты ашылуы  өтті. 


    Қоладан құйылған композиция мүсінші Нұрлан Далбайдың нұсқасы негізінде дайындалған. Ескерткіштің  биіктігі 3,6 метр.  Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, Қазақ КСР-нің халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев және Ұлы Отан соғысының ардагерлері Хамза Сафин мен Мұхтар Әжіғұлов қатысып, ескерткіштің ашылу рәсімін атқарды.

  • Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Бүгін біз тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Ел басына күн туған сұрапыл жылдары ер-азаматтармен бірге иық тіресе жүріп Отан қорғауға аттанған ұшқыш Хиуаз Доспанованың, пулеметші Мәншүк Мәметованың, мерген Әлия Молдағұлованың мүсіні шаһар орталығында орнатылды. Бұл ескерткіш – Ұлы Отан соғысы жылдарында батырлықтың үлгісін көрсеткен қаһарман қыздардың ерлігін еске салып тұрады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткенде өңірдегі зиялы қауым өкілдері бұл батыр аруларға  ескерткіш орнату туралы ұсыныс айтқан болатын. Содан 2015 жылы 18 наурызда  мемлекеттік комиссия мүшелері даңқты қыздарға арналған мүсін үлгілерінің ішінен Нұрлан бауырымыздың нұсқасын таңдады. Бұл  ескерткіш  жас ұрпақты Отанын, елін  сүюге, патриоттық тәрбие беруге, қазақтың қаһарман қыздарының ерлігін жадымызда мәңгі сақтауға арналады,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Кәрімұлы.

FB_IMG_1498299522043   Содан соң  Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич пен еңбек ардагері, өңірге танымал өлкетанушы Жайсаң Ақбай  сөз алып,  батырлық пен ерлікті насихаттайтын аталмыш  ескерткіштің маңыздылығына тоқталды.

  Салтанатты шарада театрландырылған  көрініс қойылып, патриоттық әндер шырқалды.  Кейін жиылған қауым батыр қыздардың ескерткішінің алдына  гүл шоқтарын қойды.

                                                                           Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале