26.12.2017, 12:11
Оқылды: 99

Ертең ақын Қайрат Жұмағалиевке арналған ескерткіш тақта ашылады

Ертең «Жайық Пресс» медиахолдингінде ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевті еске алу шарасы өтеді.

 Бөкей Ордасының киелі топырағында дүниеге келген Қайрат Жұмағалиев туған жеріне, еліне қадірлі бола білді. Ақынның 30-дан аса жыр жинағы бар. Сонымен қатар ол әлем әдебиетінің жауһарларын ана тілімізде сөйлетті.

Еске алу шарасында ақын рухына бағышталып Құран оқылып, естеліктерге кезек беріледі. Шараға ақынның жары Софья Нығметтоллақызы, ақын Ақұштап Бақтыгереева, жазушы Сара Латиевалар қатысады. Кеште жастар ақынның өлеңдерін оқымақ. Ал өңір әншілері ақынның сөзіне жазылған әндерді орындайды.

Айта кетейік, ақын ағамыз 2009 жылы туған жеріне оралды. 2013 жылы өмірден өткенге дейін «Жайық Пресс» ЖШС-ында бас директордың кеңесшісі қызметін атқарды. Ертеңгі еске алу шарасында ақын қызмет еткен осы ғимаратқа қойылған ескерткіш тақта салтанатпен ашылады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале