8.08.2017, 14:23
Оқылды: 41

Ертең БҚО-ның 5 ауданында ауыл әкімдерін сайлау өтеді

sailauБатыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерін сайлау 7 және 9 тамыз күндері өткізілуде, деп хабарлайды облыстық сайлау комиссиясы.


Кеше әкімдердің сайлауы Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласында - барлығы 39 округте өтті.

Сайлау қорытындылары және сайланған әкімнің тіркелгені туралы хабарларды аудандық және Орал қалалық сайлау комиссиялары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Қалған 5 ауданда - Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Қазталов, Теректіде сайлау ертең, яғни 9 тамызда, өткізіледі.

Сайланған әкімдер туралы алдын ала мәліметтерді мына сілтеме бойынша білуге болады: http://bko.gov.kz/leumit-fat/elections/be-boiynsha-silane-camden-tsm-07-08-17%D0%B6.html

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале