26.09.2017, 16:28
Оқылды: 19

Ертең Оралда инвестициялық форум басталады

Zelenov kapital investiciaОрал қаласында 27-28 қыркүйек күндері «WestKazInvest-2017» IV Халықаралық Инвестициялық Форумы өтеді.

Форумның мақсаты – іс-шара қонақтары мен кәсіпкерлерді Батыс Қазақстанның экономикалық жетістіктері, инвестициялық әлеуеті және нақты инвестициялық жобаларымен таныстыру.  Бұл алаң Батыс Қазақстан облысының компаниялары мен өз бизнесін кеңейтіп және жаңа нарықтарға шығуға ниетті шетелдік компаниялар арасында өзара тиімді серіктестікті құру үшін ұйымдастырылған. «WestKazInvest-2017» Форум қатысушыларына біріккен кәсіпорындарды құру және өз мүмкіндіктерін презентациялау үшін жергілікті компанияларды табу және танысу мүмкіндігін ұсынады.

Форум аясында «Қазақстан-Ресей. Өңірлердің шекаралық серіктестік» көрме, келесідей маңызды тақырыптары бар үш панельдік сессия жүргізілетін болады: «Мұнай газ секторы – өнеркәсіпті дамыту драйвері», «Агроөнеркәсіптік кешен: Даму. Өңдеу. Экспорт» және «Бизнестің даму институттары мен халықаралық қаржы ұйымдарына қолдау көрсету құралдары». Сондай-ақ Форум алаңында Батыс Қазақстан және Орынбор облыстарының кәсіпкер әйелдерінің кездесуі және Оралдың сауда желілерінің өкілдерімен ауылшаруашылық өндірушілер және өңдеушілердің іскерлік кездесулер өтеді. Форум алаңдарында денсаулық сақтау және менеджменттің біріктірілген жүйелері және оларды Бірыңғай Еуропалық экономикалық кеңестікте қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болады.

Форум Орал қаласында Московская көшесі, 18-үй мекенжайындағы «Жастар және оқушылар сарайында» өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале