21.09.2017, 18:13
Оқылды: 16

Ертең Оралда республикалық ғылыми конференция өтеді

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауы жəне БҚО мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың  22 қыркүйегі күні сағат 10.00  - де облыстық қазақ драма театрында қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз  руларының  орыс отаршыларына қарсы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  жетекшісі Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияда Қазақстандағы XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихы, деректері және Сырым Датұлының тарихи тұлға ретінде зерттелу мәселелері талқыланады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Сырым Датұлы- XVIIIғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі;

Қазақстан ғасырлар тоғысында: тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күрес (XVIII-XIX ғ.ғ.);

Сырым Датұлының қазіргі заман тарихында тарихи тұлға ретінде зерттелуі; Конференцияға белгілі ғалымдар, оқытушы-профессорлар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері қатысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале