5.06.2019, 16:24
Оқылды: 25

Ертең «Халыққа жақын» акциясы өтеді

6 маусым сағат 11:00-13:00 аралығында Орал қаласындағы ХҚКО-ның  №2 бөлімінде мемлекеттік қызмет, көрсетілетін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша «Халыққа жақын» акциясы өтеді.

isaqov

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҮЕАҚ БҚО бойынша филиалының ​ директоры М.Бассаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев және «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева тұрғындарға кеңес береді.

Өтетін орны: Чагано-Набережная көшесі, 84 ​ (ХҚКО №2 бөлімі). Анықтама үшін: 51-01-94, 87026784583

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале