15.07.2019, 14:03
Оқылды: 155

Ертең Жәңгір хан көшесіндегі қозғалыс уақытша шектеледі

Ертең, 16 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабы облыс орталығының аумағында терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізеді.

Осыған байланысты сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін №20 орта мектеп, "Жәңгір хан" сауда үйі (Жәңгір хан көшесі) ауданында автокөліктің және халықтың қозғалысына қысқа мерзімді шектеу қойылады.

"Қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, қолайсыздық туындап жатса байсалдылық танытып, құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз" деп хабарлады БҚО ТҚЖШ БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасу тобы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале