12.12.2019, 11:47
Оқылды: 52

Ержан Максим Бакуде өнер көрсетеді

Ержан Максим 14 желтоқсанда Бакуде өтетін «Қыс 2019» фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Erzhan Maxim

«Осы фестивальға қатысуға, шамамен бір жарым ай бұрын оның ұйымдастырушыларынан бізге ұсыныс келіп түсті. Олар Ержанды түрлі байқаулардан көріп, ұнатып, шақыруға шешім қабылдаған.

Фестивальға халықаралық масштабта танылып жүрген, талантты балалар шақыртылуда. Және де шараға қатысуға осы ел ішінен де кастинг арқылы балалар іріктеліп алынған», - деді Ержанның анасы Гүлмира Әлібек ҚазАқпарат тілшісіне.

Сондай-ақ Гүлмира Әлібек Ержанның арманы туралы айтты.

«Ержанның Димаш ағасы сияқты қазақ елінің атын шығарсам, қазақ елін әлемге танытсам, соған үлесімді қоссам деген өзінің арман тілектері бар. Нәтижесінде осы фестивальга келіп қатысуды ұйғардық. Оның үстіне, бұлда бір әлемдік деңгейдегі фестиваль деп ойлаймыз»,- деді Г.Әлібек.

Еске сала кетсек, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған еді. Ол Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен жүлдегер атанды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале