5.09.2019, 16:23
Оқылды: 88

Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшпек

Әнші Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшкелі жатыр. Бұл туралы оның анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

erzhan
Г.Әлібектің айтуынша, ұлы Ержан бес жыл бойы Игорь Крутойдың академиясында оқиды.

«Осы мерзімге біз де Мәскеуде тұратын боламыз. Бұйырса, бүгін түнде ұшамыз. Ержан академиямен қатар орта мектептегі сабағын жалғастырады. Қазір ол Евровидение байқауына дайындалып жатыр», - деді Гүлмира Әлібек.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале