15.08.2017, 17:19
Оқылды: 30

Есірткі сатпақ болған 23 жасар тұрғын ұсталды

БҚО ІІД Орал қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 1994 жылғы қала тұрғынының «Д» есімді адамға есірткі затын сатпақшы болған жерінде құрықтады.


Сараптама нәтижесі бойынша ол заттың салмағы 1,75 грамм «гашиш» есірткі заты екені белгілі болды. Күдіктінің үсті-басын тінту кезінде оның киімінің қалтасынан да соған ұқсас зат табылды. Сондай-ақ оның тұрғылықты мекен жайын тексеру барысында  қоңыр түсті, иісі бар есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале