9.02.2017, 16:03
Оқылды: 34

Есірткі заты тәркіленді

Marihuana 01  Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Транзит» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында 1970 жылы туған қала тұрғынының үйін тексеріп, қағазға оралған сары-жасыл түсті өсімдік өнімін тәркіледі.


  Аталған зат сот-медициналық сараптамаға жолданды. Ұсталған азамат Орал қаласы ішкі істер басқармасында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

  Сондай-ақ алдын алу шарасы барысында Теректі ауданы Покатиловка ауылында 1980 жылы туған
азаматтың үйінен сіріңке қорабына салынған арнайы иісі бар жасыл түсті өсімдік өнімі табылды. Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы 1,63 грамм кептірілген марихуана екені белгілі болды.

  Қазіргі таңда екі оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалуда.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале