29.12.2020, 16:24
Оқылды: 284

Ескі банкноттарды қабылдайды

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

Ескі банкноттарды қабылдайды

ҚР Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, ескі ақшаны айырбастау мерзімін ұзарту жөнінде халықтан өтініш көп түскен. Соған байланысты мерзімді ұзарту шешімі қабылданған. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар түрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеді. Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекенжайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

 

Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале