29.02.2020, 0:31
Оқылды: 101

«Тұңғыш Президент жолымен» эстафетасы қорытындыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясының эстафетасы сазды-тақырыптық  шарамен  қорытындыланды.

2829e715-54e6-41ec-a402-1858a369582e

Байтақ қазақ жерінде келісім мен жалпыұлттық тұтастықтың қазақстандық дара жолына бастаған  Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толды. Осы атаулы күнге орай достық пен татулыққа, келісім мен үйлесімге, сенім мен сүйіспеншілікке үндеген игі шара Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің фойесінде басталды. Алдымен кеш қонақтарына ассамблеяның 25 жылдық мерейтойына арналған фото-суретші Рафхат Халеловтың көрмесі таныстырылды. Онда фото-тілші ҚХА-ның құрылған жылдарынан бүгінге дейінгі аралықта түсірген 160 фотосын ұсынған.

3f625e58-3a61-41ad-9b65-af3f7c7842d1

Жалпы ассамблеяның 25 жылдығына арналған  эстафета қала мен барлық ауданда, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінде өткен болатын. Бұл игі шаралар аясында ұйымдастырылған бес диалогтық алаңда ел бірлігі, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірегейлік  секілді мәселелер талқыланды.

Қорытынды шарада Қаратөбе ауданынан қабылдап алған эстафетаны Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғайса Қапақовқа табыс етті.

- Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасы бойынша өткен эстафета бүкіл облысымызды аралап шықты. Эстафетаның «Біз біргеміз!» атты кітабына әр ауданда айтылған игі тілектер, тың бастамалар мен оң істер жазылған. Бұл кітапты ассамблея үйінің музейіне табыстаймыз. Елбасының бастамасымен қолға алынған  ҚХА өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақстанда тұратын ұлт-ұлыстардың «біз – қазақстандықтармыз» деуі - үлкен жетістік. Бұл - жүрегі Қазақстан деп соғатын азаматтардың көбейгендігі. Бүгінде ел дамуына  үлес қосып жүрген әр ұлттың қазақ халқына айтқан алғыстарын қабылдай отырып, біз де оларға алғысымызды білдіреміз. Ассамблеяның да әу бастағы мақсаты осындай бірлік пен тұтастық негізінде елді көркейту болды. Ендігі жерде тәуелсіздігімізді биікке көтеріп, жетістікке жете берейік, - деді Ғайса Қапақов.

Шара барысында көрермен назарына Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдық тарихынан қысқаша сыр шертетін деректі фильм ұсынылды. Мерекелік шара одан әрі облыстағы этномәдени бірлестіктер мен өнерлі жастардың концертіне жалғасты.

f7a59cb7-a6b6-4003-b5ee-ed5deb645f8c

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале