3.05.2018, 18:11
Оқылды: 25

«Естелік вахтасы» Оралдан аттанды

31948940_10211581828673719_2632911438888304640_nҰлы Жеңістің 73 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігіне 75 жыл толуына орай бейсенбі күні Орал шаһарынан Самара, Москва, Ржев, Великие Луки, Новосокольники, Невель қалаларына V халықаралық автожорығы аттанды.

«Естелік вахтасы» аталған экспедицияның мақсаты - ҰОС кезінде елімізде жасақталған 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасы жауынгерлерінің ұрыспен жүріп өткен жерінде болып, жат жердің топырағы бұйырған боздақтардың зиратына тағзым ету. Автошеру өкілдерінің құрамында Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музейдің директоры Светлана Бектенова бастаған музей қызметкерлері мен студенттер, мектеп оқушылары бар.

- V халықаралық автожорықтың бірінші легі Пуштошкинский ауданының Пустошка қаласында қаза тапқан белгісіз жауынгерлерді анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Олармен бірге Волгоград, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Хабаровскіден барған экспедиция мүшелері де бар. Біз де өз кезегімізде үлесімізді қосып, Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейіне құнды жәдігерлерді алып келеміз деп ойлаймын. ҰОС кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің табылған сүйегін қайта жерлеу рәсіміне қатысамыз. Салтанатты өтетін жеңіс шеруін Ресейдің Псков облысындағы Невель қаласында қарсылаймыз. Невель қаласының жұртшылығы туған жерін жаудан қорғаған Мәншүк Мәметованың ерлігін ұмытпақ емес. ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің дендеріне саулық тілеймін. Бізге ақыл-кеңестеріңізді айтып, ортамызда жүре беріңіздер,- деді Светлана Саржанқызы.

Гүлсезім БИЯШЕВА
zhaikpress.kz

31773100_10211581829953751_406908452913283072_n 31948940_10211581828673719_2632911438888304640_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале