22.11.2019, 12:51
Оқылды: 302

Етті бағыттағы ірі қараны өсіруде БҚО үздік өңірлер қатарында

Бұл жайында облыстық мəслихаттың кезекті ХХХІ сессиясында баяндама жасаған БҚО əкімі Ғали Есқалиев хабарлады.

akimat sessiasy (7)

Ғали Есқалиевтің мəліметінше, биылғы 10 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,5%-ға артып, 140 млрд. теңгені құрады. Бұл өсімдік шаруашылығының 5,7%-ға, мал шаруашылығы өнімінің 2,2%-ға өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

- Осыған дейін айтылғандай, облысымыз етті бағыттағы ірі қараны өсіру бойынша облыстар арасында екінші орында. Өткен жылы етті ірі қара мал саны 456 мың бас болса, биыл ол көрсеткіш 8%-ға өсіп, 495 мың басқа жеткен (39 мың бас). Мал басын көбейту мақсатында 15 мың басқа арналған бордақылау алаңдарын ашу көздеп отырмыз.

Биыл 3,8 мың тонна ірі қара және қой етін экспортқа шығару жоспарланды. Бүгінде 4,6 мың тонна экспортталды, яғни бұл көрсеткіш артығымен орындалды. Республика деңгейінде сиыр еті экспорты бойынша облыс екінші орында, ал қой еті экспорты бойынша бірінші орында.

Облыста тәуекелді егін шаруашылығы аймағы болғандықтан және егін шаруашылығын әртараптандыру себебінен егіс алқаптарын майлы және мал азықтық дақылдарға айналдыру тенденциясы бар.

Сол себепті майлы дақылдар егісі 24 мың гектарға (44%), мал азықтық дақылдар 2,5 мың гектарға ұлғайса, дәнді дақылдар егісі 27 мың гектарға кеміді, - деді облыс əкімі.

akimat sessiasy (9)

Өңірде көкөніс өнімін дамыту үшін жылыжайлар құрылысы басталған. Жыл соңына қарай аумағы 6 гектар заманауи жылыжай іске қосылмақ. Оған қоса көлемі 12 гектар жылыжай құрылысы басталмақ.

Сонымен қатар жылдың аяғына дейін өңірде ірі қара және ұсақ мүйізді мал терілерін қайта өңдейтін және қуаттылығы ауысымына 600 дана құрайтын цех ашылады.

Нұртай Текебаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале