1.11.2018, 15:29
Оқылды: 25

Еуразия ұлттық университетінің студенттері БҚМУ-да болды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің студент жастарынан арнайы жасақталған топ «Менің Елім» атты тарихи-өлкетанымдық жобасы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне келді.

Жобаның мақсаты – университеттегі білім алушылар арасында еліміздің көрікті жерлері мен тарихи мұрасын дәріптей отырып, патриоттық тәрбие беруді  нығайту; білім алушыларды отансүйгіштікке, өлкетануға, тарихи мұраны дәріптеуге баулу; студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту; студент жастар арасындағы белсенділікті арттыру құрылғысын жасақтау; университеттің ел және Елорда дамуына қосар үлесін арттыру.

Университет ұжымы құрметпен қарсы алған салтанатты жиында сөз алған университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Тасмағамбетов аталған жобаның маңыздылығына тоқталып, студент жастарға университет ұжымының атынан тілегін жолдады: «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауының басты жаңалығының бірі де – келер жылдың «Жастар жылы» боп жарияланатындығы. Елбасы әр Жолдауында, мемлекеттік бағдарламаларында жастардың мәселесін  назардан тыс қалдырған емес. Мәңгілік елдің болашағы – білімді жастар болса, ол әрине, сіздерсіздер. Ел білімді ұрпағымен мәңгілік жасайды. «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу» деп Елбасы айтып өткендей, сіздер де Ұлы даланың патриоты боп, алған білімдеріңді ел игілігіне жұмсап, өздерің білім алған оқу орнының, Қазақ елінің мерейін асқақтатып, биік жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін».

Елордалық студент жастар «Рухани жаңғыру» облыстық мұражайы мен тарихи-өлкетану мұражайымен танысып, Махамбет университетінде болды.  Ақ Жайық өңіріндегі білімнің қара шаңырағы Махамбет университетіне  елін, жерін  сүйетін, елжанды, отаншыл, ұлтжанды жастардың келіп, Ақ Жайық өңірінің терең тарихымен, өлке мұраларымен танысып, өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, ой бөлісіп, тәжірибе алмасуы ел жастарына үлгі боларлық  бастама деп білеміз.

Рита Сұлтанғалиева,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

суретке түсірген Рафхат Халелов

фото Рафхата Халелова (48)

фото Рафхата Халелова (69)

фото Рафхата Халелова (100)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале