10.06.2017, 19:32
Оқылды: 18

30-дан астам жолаушы тегін билет ұтып алды

IMG-20170610-WA0058-1Бүгін Орал халықаралық әуежайында "EXPO-ға бірге" акциясы өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық  туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткен шараның мақсаты - EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қолдау көрсету.


 

"Орал" студенттерінің Альянсы" корпоративтік  қоры ұйымдастырған шарада әуежай жолаушыларының арасында сұраққа жауап беру арқылы "EXPO-2017" халықаралық көрмесіне қатысатын тегін билеттер ойнатылды.

Би билеп, бүлдіршіндерге шарлар үлестіріп, қызықты сұрақтар қойылған шараға жолаушылар белсенді қатысты. Нәтижесінде 30- дан астам жолаушының жұлдызы жанып, "EXPO-2017"  халықаралық көрмесіне тегін билет ұтып алды. Олардың қатарында қаламыздағы №37 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Наргиза Жангирова да бар. "Еліміздің жетіп жатқан жетістіктері үшін қуаныштымын. ЭКСПО-ға әлі билет ала қоймап едім. Бүгін тегін билет алып, қатты қуанып тұрмын", - дейді ол.

Әуежай жолаушылары  өздеріне тосын сый жасап, қуаныш сыйлаған ақжайықтық жастарға шынайы көңілден ризашылықтарын білдірді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале