4.04.2017, 15:01
Оқылды: 29

Финляндиядан инвесторлар келді

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «Ақылды қала» - «Smart citi» инновациялық жобасы бойынша өңірімізге бірге жұмыстануға келген финдік делегацияны қабылдады.

Өңір басшысының қабылдауында «Бизнес Оулу» компаниясының директоры Джуха Ала-Мурсула, Финляндияның «VTT Finland» техникалық зерттеу орталығының өкілі Илька Кайсто, «Финдік бизнес хаб» компаниясының директоры Мұхтар Манкеев және  облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов болып, жоба жайында әңгімелесті.

Сонымен бірге басқосуда Еуропадағы ең ақылды қала деп танылған финдік Оулу қаласының іс-тәжірибесі кеңінен сөз болып, ондағы инновациялық мүмкіндіктерді облыста іске асыру жайында пікір алмасты.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале