20.02.2019, 20:13
Оқылды: 24

«FlyArystan» әуе билеттерді қолжетімді бағамен ұсынуда

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «FlyArystan» әуекомпанияның вице-президенті Паоло Ричиоттимен кездесті.

FlyArystan

Кездесуде Орал әуежайының қазіргі жағдайы мен оны жаңғырту одан әрі жұмыстары талқыланды.

Айта кету керек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «FlyArystan» бюджеттік әуекомпаниясы іске қосылды.

- Орал әуежайын халықаралық стандартқа, барлық сапа көрсеткіштеріне сай болуын қалаймыз. Биыл әуежай терминалын жаңғырту жұмыстары басталады. Әуежай терминалының аумағын 4 мыңнан 8 мың шаршы метрге дейін кеңейтуді, жолаушылар ағымын жылына 350 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біздің ең басты мақсатымыз - өңір тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау, авиабилеттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде «FlyArystan» әуекомпанияның басшылығы бұл жұмыстарға өз үлестерін қосуға ниет білдіріп, жаңғырту жұмыстары бойынша тәжірибемен бөлісуге әзір екенін жеткізді. Сонымен қатар, мамыр айынан бастап Алматыға және басқа бағыттар бойынша әуе тасымалын қолға алатындарын хабарлады.

- Батыс Қазақстан облысы - біз үшін маңызды өңір. Аймақ елдің басты қақпасы әрі Еуропа мен Азияның байланыстырушысы болып табылады. Біздің әуекомпаниямыз нарықтағы бағалардан бірнеше есе төмен авиабилеттерді ішкі бағыттарда сатуды жоспарлап отыр,- деді Паоло Ричиотти.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram –дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале