24.06.2020, 9:07
Оқылды: 491

Футбол жасыл алаңға оралады

Коронавирус инфекциясының кесірінен көптеген спорт жарыстары кейінге қалды. Бүгінде қызып жатар футбол бәсекелері де жанкүйер қауымды күттіріп қойған еді. Енді, міне, көпшілік күткен жасыл алаң шайқастары басталар күн белгілі болды.

4C7084EC-A666-4BC5-BADF-E997CA33EC6B

Оралда «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі бірінші шілде күні биылғы ел біріншілігінің басталатынын мәлімдеді. Футболшыларымыз жаңа маусымның алғашқы матчын өз алаңында «Жетісу-Б» командасына қарсы өткізеді. Ал одан кейін төртінші шілде күні «Қайрат-М» командасын қабылдайды.

Ойындар «Ақжайық» стадионында өтеді.

Ақжайықтың бұрынғы ойыншысы командаға сәттілік тіледі.

Өткен маусымда команда көшбасшыларының бірі болған бразилиялық Мелло Джакомо пандемия кесірінен биыл команда сапын толықтыра алмады. Десе де клуб жаңалықтарын қалт жібермейтін футболшы газет тілшісіне әлеуметтік желі арқылы хабарласып, біріншілікті бастағалы жатқан бұрынғы командасына сәттілік тіледі.

35E3F750-B984-403F-A79B-4B0AF68CE96D

-Өткен маусымды «Ақжайық» командасы сапында өткіздім. Мен үшін ол жыл ұмытылмастай әсер қалдырды. Орал - тамаша қала. Қазақ халқының қонақжайлығын, әрқашан ілтипатпен еске алып жүремін. Бірінші шілде күні Қазақстан футбол маусымын бастағалы жатқанын естідім. Барша жанкүйерлердің қуанышына ортақпын. Ал командаластарыма сәттілік, жеңіс және алға қойған мақсаттарына жетуін тілеймін, - деді Мелло өз хатында.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале