8.06.2020, 15:06
Оқылды: 367

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

200607000453276a3658754i

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады, деп хабарлайды inform.kz.

Бұл жөнінде «Астана» футбол клубы іnstagram желісіндегі аккаунтында жазды. Мәлім болғанындай, доп додасы бұрынғыдай үш айналым арқылы өткізілмейді. Командалар енді екі айналым бойынша сынға түсетін болды. Естеріңізге сала кетелік, биылғы Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы екі туры ойналды. Одан кейін коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында қалған ойындар кейінге шегерілді. Тек «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Оқжетпес» алдағы тур ойындарын алдын-ала ойнап, қалған клубтардан бір ойын артық өткізді. Қазір турнир кестесінде «Астана» 7 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орында 6 ұпаймен «Қайрат» командасы тұр. Бұдан бұрын Павлодардың «Ертіс» командасы қаржылық қиындыққа байланысты Премьер-лиганың қалған ойындарын қатысудан бас тартқанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, футболдан Қазақстан чемпионатын жалғастырудың екі жоспары анықталғаны мәлім болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале