9.07.2020, 12:27
Оқылды: 206

Ғали Есқалиев: «Коронавирус бейқамдықты кешірмейді»

Бұл Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында батысқазақстандықтарға арнаған сөзінің бір парасы.

19DE09B1-5BB5-4B15-81A4-13B637C5A33F

- Бүгінде бірқатар елдерде ахуал тұрақтанып келеді. Олардағы жағдай біздің өңірдегіден де ауыр болған еді.

Бірақ олар ішкі тәртіптің арқасында эпидемиологиялық ахуалды жақсарта алды. Шетелдік мамандардың пайымдауынша, коронавируспен күресте ең тиімді тәсіл – көпшілік жерлерге бармау, той-томалақ өткізбей изоляцияда болу. Өкінішке орай, біздің елдің азаматтары осындай позицияны ұстана алмай отыр.

Адам өміріндегі ешбір байлықтың құнына тең келмейтін баға жетпес қазына – денсаулық.

Екінші бір қазынамыз – әрбір үйдің байлығы болып отырған қарияларымыз, ақ жаулықты апаларымыз.

Мына аса қауіпті дерт тек денсаулығымызды жойып қана қоймайды. Асыл қазынамыздан айырып, үрім-бұтағымызға қауіп төндіріп тұр.

Сақтық шараларына салғырт қарамайық. Коронавирус бейқамдықты кешірмейді. Мен барлық қиындықтарды бірге жеңе алатынымызға сенімдімін. Жақынымызға жанашыр болып, қауіптің беті қайтқанша аман болайық! – деді өңір басшысы Ғ.Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале