28.10.2019, 20:10
Оқылды: 659

Ғали Есқалиев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы: «Депутаттық фракция халыққа мейлінше жақын болуы тиіс!»

Аптаның алғашқы жұмыс күні «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өтті.

IMG-20191028-WA0154-800x533

Күн тәртібінде бір ғана мәселе – өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының біздің облыста іске асырылуы талқыланды.

Жиынға фракция мүшелерімен қатар облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысты.
-Таяуда Елбасының төрағалығымен Үкіметтің, «Nur Оtаn» партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңес өтті. Өңірлерді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына ерекше тоқталған Елбасы 2020 жылдың 1 наурызына дейін әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді тапсырғанын бәріңіз жақсы білесіздер. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, партияның рейтингі барлық деңгейдегі депутаттардың жұмыстарының нәтижесінде қалыптасады.

IMG-20191028-WA0141-800x450

Бүгін біз 2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасының көрсеткіштерін сарапқа салып, мәселелерді бірлесе шешу үшін жиналып отырмыз, - деді партия төрағасы Ғали Есқалиев.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Қаюповтың мәлімдеуінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаның 111 нысаналы индикаторының 97-сіне қол жеткізілген.

IMG-20191028-WA0142-800x450

Ал 14 индикатор бойынша көрсеткіш төмен.
Атап айтқанда өнеркәсіп саласында тапсырыстың азаю салдарынан 12 индикатордың екеуі орындалмаған. Ауыл шаруашылығы саласында ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыл шаруашылық өнімдері азайған және «Азық-түлік өнімдері өндірісіне негізгі капиталға салынған инвестициялар» индикаторына жеткізілмеген. Нәтижесінде жоспарлы жеті индикатордың бесеуі орындалған.
-Білім саласында «Жұмыс істеп тұрған апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер саны», денсаулық сақтау саласында «Ана өлімін төмендету» индикаторлары орындалмаса, «Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп» бағытында үш индикаторға қол жеткізілмеді. Мәселен, жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандар санының өсуіне байланысты жол-көлік оқиғасы салдарынан 100 адамға шаққанда қайтыс болғандар саны жоспарлы 14 бірліктен 19,8 бірлікті құрады.

IMG-20191028-WA0150-800x533

Бағдарламаны стратегиялық картаға сәйкенстендіру, сондай-ақ Президент әкімшілігінің қажетсіз индикаторларды алып тастап, бағдарламаны оңтайландыру жөніндегі тапсырмасына сай ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа индикаторлардың негізгі тізімін бекітті. Осыған байланысты жақын арада бағдарламаға түзету енгізу көзделіп отыр, - деді Тілепберген Ерсайұлы.
-Біз халықтың тарапынан үлкенді-кішілі мәселелерді немесе мұң-мұқтажын анықтап, жедел түрде шешу жолдарын қарастыруымыз керек. Ол үшін мемлекеттік және уәкілетті органдар, әр деңгейдегі мәслихат депуттарымен бірлесіп тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Фракция жетекшісінен бастап депутаттар селолық округтерде, елдімекендерде жоспарлы жиындардан гөрі қарапайым халықпен жиі кездесулері қажет. Мен бұл туралы қыркүйек айында депутаттық фракциямен кездесуде де айтқан болатынмын.
Фракция мүшелері тоқсанына бір рет әкімдіктің атқарған есебін тыңдау үшін ғана келмеуі тиіс. Халықтың ортасында болып, толғандыратын мәселені анықтап, жергілікті атқарушы билікпен бірге шешім қабылдау үшін күнделікті қоян-қолтық жұмыс жасауы керек. Бәріміз де халықтың мүддесін қорғау үшін белсенді болуымыз қажет. Сонда халықтың беделі мен қолдауы болады. Фракция мүшелеріне аумақты дамыту бағдарламасындағы орындалмаған нысаналы индикаторларға қатысты кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар дайындауды тапсырамын, - деген төраға облыс жолдарында бір ғана қазан айында 18 адам жол-көлік апатынан опат болғанын, өңірде жыл басынан бері ажырасу 59 пайызға артқанын, бұл бағыттағы жұмысты ширату қажеттігіне тоқталып өтті.
Жиында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев облыс бойынша Шыңғырлау ауданында пилоттық негізде қолға алынған жаңа партиялық кадрлық резерв туралы әңгімелеп берсе, облыстық мәслихат депутаттары Нұрғазы Сәтбаев пен Ляна Тұрсынова фракция жұмысын жетілдіру бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

Динара Жұмабекқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале