15.02.2020, 15:06
Оқылды: 177

Ғали Есқалиев: «Жеке компаниялар «Ақжайық» шағынауданына үй салуға қызығушылық танытып отыр»

-Орал қаласындағы жаңадан бой көтеретін "Ақжайық" шағынауданы туралы білгім келеді. Көпір салына ма? Шағынауданға тұрғын үйлерді салу қарқыны қалай жүргізілуде? - деп сұрады облыс әкімінің есебі кезінде қала тұрғыны Қуандық Сұлтанов. 

unnamed

-Жаңа көпірдің жобалау жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Құрылыс жұмыстарына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Биыл құрылыс жұмыстары басталмайды. Жалпы Ақжайық шағынауданына көпір керек. Шағынаудан құрылысының инфрақұрылымын өткізуге 4 миллиард теңгеден астам  қаражат салдық. Жеке компаниялар сол жерге үй салу үшін қызығушылық танытып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары жүйелі жүргізілуде, - деп жауап берді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Гүлсезім Бияшева,

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале