13.06.2019, 14:00
Оқылды: 5404

Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен, ҚР Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихаттың келісімімен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Нәжимединұлы Есқалиев тағайындалды.

tagaiyndau

Ғали Есқалиев – 1970 жылы туған, білімі жоғары.

Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары:

  - «БанкТұранӘлем» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры.

         - БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры.

         - «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы.

         -  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

         - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

          Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың 18 қаңтарынан Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

Айта кетейік, осыған дейін БҚО-ға әкім болып келген Алтай Сейдірұлы Көлгінов  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 13 маусым күнгі № 8 жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалғандығы туралы хабарлағанбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале