14.09.2017, 17:10
Оқылды: 19

Ғасырлық тігінді жұрт назарына ұсынылды

Бүгін Оралда облыстық қос басылымның 100 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.

IMG-20170914-WA0127

Көрмеге облыстық "Орал өңірі" жəне "Приуралье" газетінің 100 жылдық тігінділері, жазу машинкалары, қос басылымда еңбек атқарған қызметкерлердің пайдаланған бұйымдарыбаспасөз ардагерлерінің жеке құжаттары, алғыс хаттар, грамоталар, журналистік зерттеулерден жинақталған жəдігерлер қойылған.

Көрмеде сонымен қатар газет редакцияларында қызмет атқарып, кейін қудаланып, ақыры атылған оннан астам қаламгердің фотосуреттері өмірбаянымен қойылды.IMG-20170914-WA0133 Айта кетейік, «Жайық Пресс» ЖШС жанынан белгілі журналист Қазыбек Құттымұратұлы жетекшілік ететін баспасөз тарихын зерттеу орталығының құрылуы нәтижесінде іздестіру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде арыстардың суреттері де табылып, деректерімен бірге тұңғыш рет көрмеге қойылды. Олардың ішінде облыстық газетте басшылық қызмет атқарғандары бар, ал екеуі - Халел Есенбаев пен Әбдірахман Байділдин республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің де редакторы болған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале