13.12.2016, 13:30
Оқылды: 65

Газет редакциясына – жаңа көлік

                Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінде «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері мен ақпарат орталығы ұжымы және 12 аудандық газет редакторлары бас қосты. Жиында жыл бойы жеткен жетістіктер сараланып, алдағы жылға мақсат-міндет қойылды.

Газет қызметкерлерін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаған «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин жыл ішінде табысты еңбек еткен бірқатар қызметкерлерге алғыс хат пен қаржылай сыйақы табыс етті. Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Самал Жәметке жаңа көлік кілті табысталды. Он екі аудандық газеттің редакцияларына компьютерлер, фотоаппараттар мен диктофондар, «Жайық Пресс» ЖШС-ның қызметкерлеріне бір айлық жалақы көлемінде сыйақы берілді.

 

«Жайық Пресс» ақпарат орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале