13.09.2017, 15:13
Оқылды: 30

Газеттердің 100 жылдығына арналған шаралар өтеді

100_zhyl_oral_oniri_men_priurale-2Ертең Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына арналған шаралар өтеді.

Алдымен сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының залында «Ғасырлық ғұмыр» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияға баспасөз саласын зерттеп жүрген елімізге танымал ғалымдар қатысады. Басқосуда баспасөз тарихын зерттеу мәселелері талқыланып, баспасөз тарихына арналған жаңа сайт таныстырылады.

Сағат 15:00-де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында облыстық газеттердің 100 жылдығына арналған көрме өтеді. Ал сағат 16:00-де салтанатты шара болады. Қазақтың көрнекті ақыны Қайрат Жұмағалиевтің 80 жылдығына және облыстық газеттердің 100 жылдығына арналған «Нарын құмын аңсаған Қайрат ақын» атты республикалық жыр мүшәйрасының, газеттердің ғасырлық мерейтойына орай магистранттар мен студенттер арасында жарияланған курстық жұмыстар байқауының қорытындылары шығарылып, жүлдегерлер марапатталады.

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале