13.09.2018, 10:54
Оқылды: 136

Гранттық қаржы қайтарымсыз, бірақ оның сұрауы бар

Бұдан алты жыл бұрын ша­­ғын кәсіп­керлікті дамыту­­ға, қолдауға қайта­­рым­сыз не­гізде берілетін қар­жы­лық грантты иеленуге көпшілік құ­лық­­­сыз-тұғын. Бүгінде ауыл-аудан­дардағы аға­йынның «Бизнес­тің жол карта­сы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарла­­ма­сы шеңберінде мем­­ле­кет та­ра­пы­нан көрсетілетін қол­дау-кө­мек­ке сенім артқан. Расында, мем­лекет әке-ше­шең, жомарт бауы­рың құсап 3 миллион теңгеге дейін тегін қаражат ұсынып, «кәсі­біңді дөңгелет, дамыт» деп қолтығыңнан демеп отырса, құ­лағы түрік, еті тірі азаматтар кә­сіп ашуға, сол арқылы бала-ша­ғасын асырауға неге ұмтылмас­қа?! Ең  бастысы, жақсы инно­ва­циялық жобаңның бо­луы шарт. Биыл облыстық конкурс­тық ко­миссия 237 жобаны қарап, со­лардың ішіндегі озық деген  30 жобаны мақұлда­ды.  Сол 30 жоба­­ның 18-і ауыл-аймақтан (жалпы шама­сы 29,5 млн. теңге), 12-сі облыс орталығынан (жалпы шамасы 17,5 млн. теңге). Бұл жобаларды іске асыру бары­сында 67 жаңа жұмыс орны ашылмақ. 

1522766284_1478855857-2015_11_10_1-1

БҚО кәсіпкерлік және индус­триалды-инновациялық даму бас­қармасының бас маманы Мейрам Қабдығалиевтің айтуынша, қол­дау тапқан жобалардың ішінде Орал қаласында майлық (салфетка), Зеленов ауданында жоң­қа (производство щепы), Те­­рек­ті ауданында жарық беретін жаяу жол плиталары өндірістерін ашу және өзге де өңірімізде бұрын болмаған өндірістік жобалар қол­дау тапты. Комиссия мақұлдаған ауылдық жерлердегі жобалар­дың ішінде Зеленовтан – 5, Қазталов­тан – 3, Бөрлі, Қаратөбе, Терек­ті, Сырым, Бөкей ордасы ау­дан­дарының әрқайсысында екі жобадан бар.  Олардың барлығы дерлік өндіріс орнын ашуға ба­ғытталған. Мысалға, бетон бұ­йым­дарын, ойыншықтар, кеспе тастар, леготастар өндірісін ашу, киім тігу, жиһаз жасау, сүт өнім­дерін шығару, сәндік  планкен­дер өндірісі, экструдерленген жем өн­дірісі жобалары. Бұл жобалар биылғы жылдың аяғына дейін және 2019 жылы іске асырылмақ.

Гранттық қаржы шағын кәсіп­керлікті дамытуға, қолдауға, со­­ның ішінде өз ісін бастаған жас кәсіп­керлерге, мүмкіндігі шек­теу­лі жандарға жә­не моноқалалар­дағы, ауылдық жердегі жасы 50-ден асқан әйел­дерге барлық са­лада, ешқандай шектеусіз жеке кәсіп ашуға бе­ріледі. Осының не­гізінде биыл 5 мүм­­кіндігі шек­теулі жан, 7  жас, 8 әйел кәсіп­кер және 6 кәсіпкер 50 жастан асқан әйел­дер санаттары бо­йын­ша  қол­дау  тапты.

– Жалпы, комиссия қарауына өткен жобалардың кейбірі  бар­лық талапқа сай, яғни кәсіпкер зерттеп, нақты есеп-қисабын жүр­гізген. Ал кейбір өтпей қалған жобалардың ішінде тіпті зерттелмегені, ойға келген баға­лар мен мерзімдерді қоя салғаны кездесті.  Конкурсқа қатысып, бі­рақ комиссия мақұлдамаған жо­ба­лардың жалпы ортақ кемші­ліктері қандай десек, өнім өндіру жолы нақты зерттелгенімен, өнім­ді өткізу нарығы ескерілмеген. Сондай-ақ өндіріс орындарын ашу­ға қажетті инфрақұрылымы жеткілікті ғимараттардың болмауы тән, – деді Мейрам Қабдығалиев.

Мамандардың айтуынша, кон­курсқа қатысушы «Бизнестің жол картасы – 2020» немесе «Нәтиже­лі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – 2017-2021» бағдарламалары аясында өткізі­летін тегін оқу семинарының сертификат иегері болуы тиіс. Сертификат иегерлеріне ешқандай же­ңілдік жасалмайды, өйткені бұл сертификат конкурсқа қатысу­ға мүмкіндік беретін құжаттардың тізіміне кіреді. Облыстық кәсіп­керлер палатасы  кәсіпкерлерге сер­вистік қолдау көрсету мақса­тында конкурсқа қатысушыға те­гін бизнес жобалар жасақтап бе­реді. Жоғарыда айтылған қызмет­тердің барлығын «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы кә­сіпкерлерге сервистік қолдау көр­сету бағытында тегін жүргізеді.

Бір қызығы, біз де аталмыш конкурстық комиссияның мү­ше­сі ретінде байқағанымыз, қаты­су­шылардың басым көпшілігі «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық?» дей ме екен, кім білген, қайтарымсыз қаржыны молынан қарпып қалуға тырысады. Сатып алатын жабдығы бір
мил­лион теңгеге жетпесе де, максималды 3 млн. теңгені сұрай­ды. Гранттық қаржыға жабдықты тасымалдау, жол шығыны кірмейтінін біле тұра сөйтеді. Алайда гранттық қаржы қайтарымсыз болғанымен, оның сұрауы бар. Мемлекеттік грант қаржысының мақсатты жұмсалуын «Даму» кә­сіпкерлікті дамыту қоры» АҚ белгілі тәртіп шеңберінде тексереді. Дұрыс әрі мақсатты жұмсалма­са, сот арқылы кері қайтарылады. Бірақ өңірімізде мұндай әбестік жағдай  әзірге  орын  алмаған.

Соңғы кездері кейбір аймақ­тар­дың гранттық қаржыдан бас тартқанын естуіміз бар. «Кейбір облыстардың гранттық қаржыдан бас тартуының себебі оларда  өмір сүру деңгейі жоғары болып, грант қаржысы бір бизнес ашуға жеткіліксіз болуы мүмкін. Ал біздің өңірде жыл санап гранттық қар­жыға республикалық бюджеттен бө­лінетін қаражат шамасы өсіп келеді. Сондықтан облысымызда атаулы бағдарламаға қатысушы­лар қатары көбейе түсуде. 2019 жылы атаулы мемлекеттік қызмет түріне қаржы бөлінеді деп сене­міз», – деді Мейрам Қабдығалиев.

Оның айтуынша, шағын  кәсіп­керліктің тұрғын үй немесе ғима­ратты жалға беру саласы бойын­ша гранттық қолдау қарастырыл­ма­ған. Ал өзге түрлері бойынша  еш шектеу жоқ. Сондықтан кон­курсқа қатысатын жобалардың  сан алуандығы мен сапасы жыл санап жоғарылап келеді. Келесі жылы да жаңа инновациялық жә­не ерекше кәсіп түрлерімен кон­курсқа қатысып, грант иегері атанып, армандаған кәсібіңізді ашу­ға  еш  кедергі  жоқ  деп  білеміз.

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале