24.08.2016, 17:04
Оқылды: 22

III Халықаралық инвестициялық «WestKazInvest-2016» форумы өтеді

 Forum  Мемлекет басшысы ел экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде шетелдік инвестиция тартуды айтқан болатын. Соған сәйкес ағымдағы жылдың 8-шы қыркүйегінде Орал қаласындағы Мәскеу көшесінде орналасқан Теннис орталығы ғимаратында III Халықаралық инвестициялық «WestKazInvest-2016» форумы – өңір кәсіпкерлерінің  шекаралас аймақ пен шетел инвесторлары арасында тиімді заманауи пікір алаңы болып табылатын шара өтеді.


   Бұл  – еліміздің инвестициялық және инновациялық келешегі жөнінде ойлар ортаға салынады. Сондай-ақ, бұл форумда Батыс Қазақстан аймағындағы ауқымды жобалардың тұсауы кесілмек.

   Шараның мақсаты, облыстың инвестициялық даму әлеуетін таныстырып, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту. Аймақаралық және екі елдің бірлескен кәсіпорындарын құру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда бұл форум біздің облыстың инвестициялық дамуына үлкен өзгерістер мен жаңа қадамдар әкеледі.

   Аталмыш шара екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлігінде БҚО-ның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының көрмесі ұйымдастырылып, өңірдің инвестжобалары таныстырылмақ. Шараның екінші бөлігі арнайы шақырылған тәжірибелі сарапшылардың қатысуымен өтетін форумға арналады.

   Шараға еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі мен Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, екі елдің орталық  және жергілікті атқарушы билік өкілдері, дипломатиялық миссиялар, Иран, Финляндия, БАӘ, Түркия, Қытай мен Ресей, т.б. елдердің қаржы мекемелері және даму институттары қатысады.

   Еліміздің индустриалды-инвестициялық даму бағдарламасы аясында өтетін бұл шара өңірдің экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялар тұрақты тартылуына үлес қоспақ.

   Форумға қатысқысы келгендер болса, аталған ғимаратта тіркеу 8:00-де басталады. Анықтама үшін: 87112243838 нөміріне немесе www.westkazinvest.kz сайтынан қосымша ақпарат алуларыңызға болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале