14.03.2017, 17:55
Оқылды: 58

Индустриалды аймақтың жобалық-сметалық құжаттары әзірленетін болады

DSC_0102Индустриалды аймақтың жобалық құжаттары дайындалуда.

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалындағы журналистермен өткен кездесуде облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов мəлімдеді.


- Бұл аймаққа керек маңызды құжат, бизнесті дамытуға ыңғайлы алаң. Оның техникалық және экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өткен. Инфрақұрылымын өткізуді биылдан бастаймыз, - деді спикер.

Қазірдің өзінде Теректі аудандық индустриалды аймақ салатын 270 га жер бөлініпті. Ол жерге жылыжайларды орнату жоспарда бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале