29.10.2019, 18:06
Оқылды: 384

Integrity check немесе парасаттылыққа тексеру

Елімізде мемлекеттік қызмет саясатын жүзеге асыру кезінде адалдық мәселесі ең маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы  2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 16-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданбайды.

Егер, мемлекеттік қызметші қызмет атқару кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, онда оның мемлекеттік қызметі тоқтатылады.

Бұл integrity check принципінің іске асырылуының дәлелі.

Алайда, мемлекеттік қызметшілерден бөлек, азаматтық қызметшілер бар. Олар, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабына сәйкес тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша азаматтық қызметке кіреді.

Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам азаматтық қызметке басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға қабылданбайды. Яғни, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.

Осылайша, 2018 жылы бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам басшылық лауазымға тағайындағаны үшін Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарының білім беру бөлімдері басшылары және облыстық білім беру басқармасының басшысы бұрыңғы орынбасары (кейін облыстық білім саласындағы бақылау департаменті басшысы болған) әкімшілік айыпұлдар салынып, қызметтерінен шеттетілді.

Қазан айының басында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бұрын қылмыс жасаған 11 адамның басшылық лауазымдарда қызмет атқарып жатырғандығын көрсетті. Оның ішінде 3-і сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылған. Бұл басшыларды тағайындаған лауазымды тұлғаларды ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мүмкін емес.

Алайда, олардың қайталап қылмыс жасамасына кім кепіл?

Қазіргі уақытта облысымыздың жалпы орта білім беретін мектебінің директоры пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталуы осының айғағы: ол бұрын жымқыру фактісі бойынша жауаптылыққа тартылған.

Казталов ауданы «Богатырев жалпы орта білім беру» мектебінде орын алған жағдай алаңдатушылық туғызып отыр.

Мектеп директоры 11 сынып оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеу емтиханын жақсы нәтижемен тапсыруға ықпал ету үшін бұрыңғы мектеп түлегі С.Д. Фаизулиннен көмек сұрайды. Ол С.Д. Фаизулиннің қылмыстық ойынан хабарсыз болып, 1 000 000 теңге көлемінде ақша беру ықпал еткен. Сонымен қатар, мектептің екі түлегінің «Алтын белгі» марапатына ие болғандарға ҰБТ-де 100 баллдан жоғары балл жинауға көмек көрсетуін сұраған және есеп шотына 200 000 теңге ақшаны аударған.

С.Д.Фаизуллин Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен бірнеше рет жасалған алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған осы баппен 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Ал мектеп директоры қылмыстық істер бойынша куә және С.Д.Файзуллиннің алдап-арбауында болған тұлға ретінде танылды.

Бұл шешім прокуратурамен және сотпен тексеріліп, заңды екенін анықтады.

 Дегенмен, мектеп директоры А.Н.Альдекешева ұлттық бірыңғай тестілеу қатаң тексеру арқылы жүргізілетін қалай білмеді? Неге ол алаяққа сеніп, ақша беруге ықпал жасады? Заңсыз ақша беруге ықпал еткен мектеп директорына қоғам сену керек пе? Осы қылықтардан кейін өңірімізде білім сапасы жоғарлайды деп сенуге бола ма?

Бұл сұрақтарға аудандық білім беру бөлімі және облыстың білім басқармасы басшылары жауап беріп, дұрыс шешім қабылдайды деген сенімдеміз.

Р.С. Ақмырзаев

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

БҚО бойынша департаменті басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале