2.10.2020, 10:40
Оқылды: 111

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына қандай өзгерістер қабылданды?

Ағымдағы жылы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасы және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына оның талаптарын жақсартатын және өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.

Ipoteka

Бұл түзетулер кімге қатысты? Мемлекеттік бағдарлама ипотекалық қарыз алушыларға борыштық жүктемесін азайтуға қалай көмектеседі? Қанша қазақстандық азамат осы бағдарламаның арқасында жалғыз баспанасын сақтай алды? Өз қарызыңды қайта қаржыландыру үшін қайда жүгіну қажет?

Осы және басқа да сұрақтарға 25 қыркүйекте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев Алматы қаласында қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында жауап берді.

Сонымен бірге ол 2015 жылдан бастап Елбасы бастама жасаған және маңызды әлеуметтік мәні бар бұл Бағдарламаның қалай іске асырылып жатқандығы туралы қысқаша айтып өтті.

Толығырақ www.fingramota.kz. сайтынан оқыңыздар.

Егер Сіздерде Бағдарламаға енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтар болса, оларды осы пост астында қоя аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале