8.07.2017, 22:36
Оқылды: 45

"Иван Купала" күні аталып өтілді

IMG-20170708-WA0025Бүгін Орал қалалық мəдениет жəне демалыс саябағында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен "Грамада" белорус этномəдени бірлестігінің ұйымдастыруымен "Иван  Купала" күні аталып өтілді.


- Қазіргі уақытта "Иван купала" бүкілқазақстандық мерекеге айналуда. Бұл мейрамды славьян халықтары ежелден тойлайды. Оның астарында от пен су, көк пен жер, күн мен түн сияқты қарама-қайшы ұғымдардың айрықша мəні ашылады.   Жазғы маусым баршасына қуаныш сыйлайды, - деді облыс əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов.

"Грамада" белорус этномəдение бірлестігінің төрағасы М. Беляев "Иван купала" күнін биыл жылдағыдан кеңірек аталып өтіп жатқанын айтты.

"Иван купаланы" шығыс славьяндары маусымның 7-сінде тойлайды. Бұл күн Иоанна Предтечи туған күнін атап өтетін христиан мейрамымен сəйкес келеді. Мейрам кешінде от жағып, оны айналу, алау үстінен секіру, шөп жинап, гүлтəж өру рəсімдері орындалады. Саябақта сол рəсімдер қамтылған театрландырылған көріністер қойылып, түрлі кейіпкерлер көрермендер алдында өнер көрсетіп, əн шырқалды, би қойылымдары ұсынылды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале