19.03.2017, 15:36
Оқылды: 28

Іздестірілуде жүрген 17 күдікті ұсталды

Ystaldi   ТМД елдері Ішкі істер  министрліктері арасындағы келісімге сәйкес наурыз айындағы «Іздестіру» бірлескен шарасы барысында БҚО аумағында іздестірілуде жүрген 17 күдікті ұсталды.


  БҚО ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, облыс аумағында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу салған 7, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысы департаменттері іздестірген 3 күдікті қолға түскен. Соның ішінде Алматы қалалық ішкі істер департаменті ҚР ҚК 190-бабы 3-бөліміне (ірі көлемдегі алаяқтық) сәйкес ұзақ уақыт бойы іздестірген 1977 жылғы Б. есімді әйел 15 наурыз күні құрықталып, Оралдағы тергеу оқшаулағышына жатқызылды. Сонымен қатар БҚО ІІД бөлімшелері іздеу салған 7 күдікті ұсталып, хабарсыз кеткен 2 адамның мекенжайы, сондай-ақ екі белгісіз мүрденің кімдікі екендігі анықталды. Оңды нәтижелердің бірі ретінде облыс аумағында бірнеше рет мал ұрлығын жасап, бой тасалап жүрген 1984 жылғы М. деген тұрғынның қолға түсуін айтуға болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале