5.08.2019, 12:41
Оқылды: 333

"JASTAR" футбол лигасы өз мәресіне жетті

"JASTAR" футбол лигасы биыл екінші жыл қатарынан БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілді. Басты мақсат, әрине жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және облысымызда күнделікті футболмен айналысатын жастардың санын арттыру.

WhatsApp Image 2019-08-05 at 11.07.56

Биыл лигаға 20 команда, 200-ден астам жастар қатысты. Оның ішінде ауыл жастары, есту-сөйлеу қабілеті нашар мүгедектер, әлем чемпиондары да бар. Алғашқы ойындар 18 мамыр күні бастау алды. Барлық ойындар орал қаласындағы "Юность" стадионында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Лиганың ойындарында БҚО футзал ассоциациясы бекіткен тәжірибелі төрешілер қызмет атқарды.

WhatsApp Image 2019-08-05 at 11.07.58 (1)

3 тамыз күні лиганың финалдық ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды. Екі айдан астам уақытқа созылған турнирде қарсылас шақ келтірмеген "Жасыл ел" командасы чемпион атанса, екінші орынды "Ақсай мешіті" командасы иеленді, үшінші орынға "УАРМ" командасы табан тіреді.

WhatsApp Image 2019-08-05 at 11.07.57

WhatsApp Image 2019-08-05 at 11.07.56 (1)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале