25.06.2019, 17:07
Оқылды: 35

«JASTAR» футбол лигасының кубогі ойнатылады

Биыл екінші жыл «JASTAR» футбол лигасы БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілуде.

Zhandos Sungatov

Жаңа лигаға 20 команда қатысуда. Олардың арасында ауыл жастары, есту, сөйлеу қабілеті нашар мүмкіндігі шектеулілер, әлем чемпиондары да бар.

-Алғашқы ойын 18 мамыр күні басталды. Лиганың ойындарына БҚО футзал ассоциациямен бекітілген тәжірибелі төрешілер төрелік етуде. Барлық ойындар спорт басқармасының қолдауымен «Жастар» стадионында өткізілуде. Қазір лиганың топтық кезеңі аяқталып, 20 команданың 8-і плей-офф кезеңіне жолдама алды. Лига ойындарына 2 апта үзіліс саламыз. Сол аралықта еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай кубоктік ойындар өтеді.

«JASTAR» футбол лигасының кубок жеңімпазы 6 шілде күні анықталады. Әзірге кубоктік ойындарға 11 команда тіркелді. Тіркеу 27 маусымға дейін жалғасады. Бас жүлде - 100 000 теңге. Кубоктік ойын аяқталған соң, лиганың плей-офф кезеңі жалғасады. Қалған 8 команда өзара үздіктерді анықтайды. «JASTAR» футбол лигасының жалпы жүлде қоры 300 000 теңге. Әр ойынның үздік ойыншысы анықталып, арнайы сыйлық табыс етілуде. Тартысқа толы ойынды тамашалағыңыз келсе, әр аптаның сенбі, жексенбі күндері «Жастар» стадионына келіңіз,- дейді лиганың бас ұйымдастырушысы Жандос Сұңғатов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале