8.06.2017, 21:30
Оқылды: 32

Кəсіподақтар күні табиғат аясында мерекеленді

Бүгін Орал қаласындағы «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Кəсіподақтар күні мерекесімен облыс әкімі атынан облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов құттықтады.

Сонымен қатар облыс әкімінің орныбасары бір топ кәсіподақ белсенділерін облыс әкімінің алғысхатымен марапаттады.

– Облыс бойынша кәсіподақтардың 62 мыңнан астам мүшесі болса, соларды біріктіріп отырған 9700-ге жуық кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс істейді, - деді көпшілікті аталмыш орталықтың төрғасы Ербол Салықовтың атынан мерекемен құттықтаған облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайырғали Серікқалиев. Сондай-ақ ол шара қонақтары, кәсіподақ ардагерлері Мұхтар Әжіғұловқа, Хатеп Ишанбековқа, Роза Кушековаға мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Табиғат аясында өткен кәсіподақтар күні мерекесіне арналған шара концерттік бағдарламамен өріліп отырды. Одан кейін мерекеге орай шағын футбол мен волейболдан ұжымдардан келген командалар өзара бақ сынады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале