23.02.2017, 14:03
Оқылды: 16

Кəсіпорындар базасын нығайтуы тиіс

 ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны бақылау жəне бəсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Ахметов "Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" АҚ-ның ұжымымен кездесуінде осылай деді.

- Елбасы Жолдауы жыл сайын барлық мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық күштердің жаңғыра түсуіне зор әсер етеді. Әлем сәт сайын өзгеруде. Соған байланысты бәсекелестік те артуда. Доллардың нарықтағы бағасы өзгеруде. Сондықтан жаңа жоспар жасақтап, алға ұмтылудың маңызы зор. Елімізде жаңа кәсіпорындар ашып, эконономикалық саланы нығайта түсу, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты негізгі бағыттар айқындалған, - деді республикалық АТТ мүшесі Рустам Ахметов.

Жиында "БҚ ЭТК" компаниясының қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, электр қуатына белгіленген тарифке байланысты қызу талқылау жүргізді. "БҚО энергетиктері" кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Жәнібеков кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы ескіріп бара жатқанына алаңдаушылығын жеткізді.

Рустам Ахметов өзекті мәселелерге қатысты сауалдарға жауап беріп, бәсекелестікке дайын болу үшін кәсіпорындар базасын нығайту маңызды екенін айтты.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале