6.01.2017, 13:06
Оқылды: 84

Қадыртану сыныбы

456  Ақын, қоғам қайраткері Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай Зашаған кентіндегі №30 орта мектепте Қадыртану сыныбы ашылды.


  Шараға қала әкімі Нариман Төреғалиев, «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері Орал Жүнісов, республикалық «Қадыр Мырза Әлі» қорының директоры Донеділ Қажымов, Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Меңешова, «Зерде-Память» қорының төрағасы Қуанышбай Төлебаев және мектеп оқушылары қатысты.

  –Қадыр атамызды еске алу кешіне келіп отырған ағаларымызға оқушылар атынан алғыс білдіремін. Әр оқушы ақын аталарының шығармашылығымен жете танысып, кем дегенде оның бір өлеңін жатқа білуі тиіс. Елбасының сарабдал саясатының және мемлекет қамқорлығының арқасында барлық жағдайы жасалған мектепте білім алып жатқан оқушылар бақытты. Балаларға айтарым, Қадыр аталарыңның жолын қуғалы отырған алғашқы қадамдарыңызға гүл бітсін, - деді Нариман Төреғалиұлы.

  Мектеп оқушылары меймандар алдында Қадыр ақынның бірнеше өлеңін жатқа айтты. Аталмыш сынып ақынның суреттерімен безендіріліп, сөрелерге оның кітаптары қойылған. Ақынның жеке баспа  мәшенкесі де сыныптың қорында тұр. Алдағы уақытта Қадыртану сыныбында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері және 6-сынып оқушыларына Қадыртану сабағы өтетін болады.

  Сыныптың салтанатты ашылуынан соң шараға қатысушылар мектептің акт залына өтіп, Қадыр ақын туралы бейнебаянды, сондай-ақ мектеп оқушылары дайындаған шағын  көріністі тамашалады.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале