31.05.2017, 11:32
Оқылды: 26

Қайырымдылық шарасы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жас Отан» Жастар Қанаты облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық шарасын өткізді. «Болашақты сенен көрем» кеші партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында ұйымдастырылды.


«Галактика» ойын-сауық кешенінде балалар үшін арнайы ертегі кейіпкерлері қызықты ойындармен көңілді қойылымдар ұйымдастырып, бүлдіршіндер кинотеатрдан тегін мультфильм тамашалады. Шара барысында бүлдіршіндер де өнерлерін ортаға салды.

- Маған мерекелік шара қатты ұнады. Әсіресе мультфильм кейіпкерлерінің бізге қойған қойылымдарын көріп, олармен бірге фотосуретке түскен керемет болды, - дейді қала тұрғыны Әсет Айдынғалиев.

Шара соңында демеушілер тарапынан ұсынылған естелік сыйлықтар таратылды.

Ерлік Шамғалиев

«Жас Отан» Жастар Қанаты БҚОФ менеджері

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале