8.10.2018, 16:50
Оқылды: 18

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Сергей Евгеньевич Доля тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Dolia

         Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының «Инженер-механик» мамандығын тәмамдаған.

         «Оралэнерго» АҚ Орал қалалық филиалының сату бөлімінің бақылаушысы, сату және жүзеге асыру бөлімінің абоненттік учаскесінің бастығы, электр энергиясының есепке алу және сату бөлімінің абонеттік учаскесінің шебері қызметтерін атқарған.

         «ЗапКаз РЭК» АҚ кабельді өндіру желілері бойынша кабельді бақылаушы, КЛ және ТП кабелдік желілерін қадағалайтын инженер, КЛ және ТП сервисінің бастығы, қалалық филиалының бас инженері.

Ал 2013 жылдың қантарынан бүгінге дейін «ЗапКаз РЭК» АҚ қалалық филиалының бастығы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале