24.02.2017, 12:19
Оқылды: 41

Қамқорлық қалыпты болсын

 

Жақында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті. Оған мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жекелеген мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.


Кәсіпкер Біржан Қожақов қаладағы үлкен сауда орындарына мүгедектер үшін ыңғайлы пандус пен жеделсаты орнату жөніндегі талап-тілектер толық орындалмай келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың көлігі орналасуы тиіс орынтұрақты өзгелердің  пайдалануы тиылар емес. Қанша ескертілсе де, қол-аяғы сау адамдар міз бақпайды. Демек, айыппұл салу сияқты тәртіптік шара қолдану қажет. Мейрамхана мен дәмханалар да пандус орнатуға ықылассыз.  Сөзінің соңында Біржан Морякұлы көліктерге арбалы адамды орналастыруға арналған гидравликалық көтергішті жасау Оралдағы «Зенит» зауыты ұжымының қолынан келетіндігін айтып, «Нұр Отан» партиясының филиалынан көмек  сұрады. Гүлназ Мағжанқызы ұсынысты құп алып, аталған өтінішті орындауға сол зауыттағы бастауыш партия ұйымы басшылығын жұмылдыратынын мәлімдеді.

-Біздің санаттағы адамдар қоғамдық көлікке отырса, қатты қиналады. Өйткені айналаны, әсіресе көлік нөмірін, аялдаманы дұрыс көре алмайды. Қыстың аязды күндері терезені қырау жапса, тіпті қиын. Сондықтан кондукторлар аялдаманы үнемі хабарлап тұрса, қандай жақсы,-деді облыстық зағиптар қоғамы басқармасының төрағасы Данияр Қадырбеков.

Ал «Диабет» қоғамдық ұйымының төра йымы Тамара Истомина, соңғы кезде сусақ дертіне шалдыққандардың күрт өскенін айтып, оларға қамқорлықтың бір сәтте бәсеңдемеуін сұрады.

Бас қосуды  Г. Құлжанова түйіндеп, айтылған ұсыныс-пікірдің жерде қалмайтынын, бәрінің «Нұр Отан» партиясының орталығына жіберілетінін хабарлады.

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ    

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале