1.04.2020, 19:41
Оқылды: 150

Карантин талаптарын бұзуға жауапкершілік қандай екенін білесіз бе?

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тарапынан бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, жекелеген азаматтар төтенше жағдай режимінің белгіленген шектеулерін бұзуды жалғастыруда. Осыған байланысты тәртіп бұзушыларға қатаң шаралар қабылдануда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзудың 76 фактісі анықталды. Бұл ретте 31 адамға қатысты соттар мен әкімшілік қамаққа алу қолданылды (2-ден 13 тәулікке дейін).

Мысалы, Теректі ауданының тұрғыны үй карантинінде бола тұра, басқа елдімекенге шығу арқылы карантин шарттарын бұзған.

Бұл үшін "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодекстің 476-бабына сәйкес, ол сот қаулысымен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде коронавирусқа байланысты жалған ақпаратты тарату фактілері бойынша 4 адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұдан басқа, вирус жұқтырған адамдардың сауалнамалық деректерін таратқаны үшін 3 қылмыстық іс тіркелді.

Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер үшін (ӘҚБтК-нің 478-бабы) 40 АЕК дейін айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамаққа алу көзделгенін атап өтеміз.

Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу (ӘҚБтК - нің 425-бабы) қызметін тоқтата тұрып, 2 000 АЕК-ке дейін, ал бақылаушы органдардың талаптары мен актілерін орындамағаны үшін (ӘҚБтК-нің 462-бабы) қызметін тоқтата тұрып, 500 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Азаматтарды уәкілетті органдардың талаптарын, белгіленген тыйымдар мен шектеулерді орындауға, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатуларға жол бермеуге шақырамыз.

Ағымдағы жағдай туралы нақты ақпарат ресми Интернет-ресурста орналастырылған www.coronavirus2020.kz.ескерту.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале